Кәсіби бокс

Канелоға мексикалық нокаутшымен айқас үшін 15 миллиард ұсынды

Канелоға мексикалық нокаутшымен айқас үшін 15 миллиард ұсынды
boxingscene.com

Америкалық Premier Boxing Champions компаниясы суперорта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альвареске (60-2-2, 39 КО) 4 мамыр Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегіне қарсылас ұсынды.

ESPN мәліметінше, Эл Хэймонның PBC компаниясы Канело мамырда отандасы Хайме Мунгиямен (43-0, 34 КО) жұдырықтасатын болса, кепілді 35 миллион доллар (15 миллиард теңге) гонорар төлеуге дайын екен.

PBC өкілдері Канело мен Мунгия айқасы орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (33-0, 22 KO) жекпе-жекке қарағанда жақсы сатылатынына сенімді. Ал Чарломен айқас үшін компания мұнша сомманы төлемейді екен.

Басқа спорттық жаңалықтар