Дзюдо

Қазақстандық дзюдошылар European Open турнирінде екі жүлде иеленді

Қазақстандық дзюдошылар European Open турнирінде екі жүлде иеленді
Спорт комитеті

24-25 ақпанда Польша астанасы Варшавада ересектер арасында European Open турнирі қтті. 

Бұл жарыста екі қазақстандық балуан жүлде иеленді. 78 келіде кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мадина Парагульгова қола жүлде үшін белдесуде голландиялық Свирс Полиеннен басым түсті.

Ал екінші қола жүлдені ерлер арасында 60 келіде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Шерзод Давлатов жеңіп алды. Ол грузиялық Тома Гелашвилиді жеңді. Айта кетейік, Шерзод былтыр да Польшадағы  турнирде 3-орын алған болатын.

Екі күндік жарыста 37 елден 458 татами шебері 14 салмақта жүлделерді сарапқа салды.

Басқа спорттық жаңалықтар