Гимнастика

Қазақстан көркем гимнастикадан халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды

Қазақстан көркем гимнастикадан халықаралық турнирде 4 алтын жеңіп алды
kazsports.kz

Көркем гимнастикадан Мажарстан астанасы Будапеште өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы алты жүлде иелендң, деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова ел қоржынына 4 алтын медаль салды. Айбота жекелей сында  доп, лента және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақты. Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Айбота күміс (125,2 балл), Эрика қола жүлдегер (122,25 ұпай) атанған. Сондай-ақ мұнда ұлттық құрама мүшелері Милана Парфилова 4-ші, Зере Бақытжанқызы 6-шы, Айым Мейіржанова 7-ші сатыға тұрақтады. 

Басқа спорттық жаңалықтар