ММА

Жасұлан Әкімжан UFC-дің бұрынғы чемпионын айқасқа шақырды

Жасұлан Әкімжан UFC-дің бұрынғы чемпионын айқасқа шақырды
Sports.ru

Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан (10-3) Sport+ порталына берген сұхбатында арманындағы жекпе-жекті атады.

Жасұлан UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы аустралиялық Александр Волкановскимен (26-4) жұдырықтасқысы келеді екен.

"Мен әрдайым айтатынмын, Волкановскимен жұдырықтасу мен үшін қызық болады, тым болмаса спаррингте өз күшімді байқап көру", - дейді спортшы.

Еске салайық, Волкановски Анахаймда өткен UFC 298 турнирінде испаниялық Илья Топуриядан (15-0) нокаутпен жеңілді. Айта кетейік, Жасұлан да жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді.

Басқа спорттық жаңалықтар