Үстел теннис

Қазақстандықтар алғаш рет үстел теннисінен ӘЧ-нің плей-офф кезеңіне өтті

Қазақстандықтар алғаш рет үстел теннисінен ӘЧ-нің плей-офф кезеңіне өтті
olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен командалық әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет плей-офф сатысына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

В тобында Қазақстан Сауд Арабиясы (3:0) мен АҚШ-тан (3:1) басым түсті. Англия (өткен әлем чемпионатының 1/8 финалисі) және Германиямен (өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері) болған аса тартысты ойында қарсыласқа есе жіберді (екі ойын 2:3 есебімен аяқталды). Қосымша көрсеткіштер бойынша топта 2-орын алды. Егер ұлттық құрама ширек финалға шықса, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болады. 

Қазақстан құрамасы сапында сынға түсіп жатқандар – Кирилл Герасименко (7 жеңіс), Алан Құрманғалиев (1 жеңіс, 4 жеңіліс), Айдос Кенжеғұлов (1 жеңіс, 4 жеңіліс). 

Плей-оффтағы алғашқы матчтар бүгін өтеді.  

1/16 финал. Қазақстан – Үндістан (С тобында 3-орын). 

2022 жылғы әлем чемпионатында екі команда топтық кезеңде жолығып, Ұлттық құрама 2:3 есебімен жол берген.

1/8 финал. Қазақстан/Үндістан – Оңтүстік Корея (өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері).

Басқа спорттық жаңалықтар