Жеңіл атлетика

Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды

Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды

Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Азия чемпионаты жалғасуда.

Екінші жарыс күні еліміздің спортшылары үш медаль иеленді.

Елизавета Матвеева биіктікке секіруде Азия чемпионы атанды. Оның үздік көрсеткіші - 1.86.

Ольга Сафронова 60 метрге жүгіруде күміс жүлде алды. Финалдағы уақыты - 7.45.

Мария Ефремова үш қарғып секіруде қола жүлдегер атанды - 13.48.


Дереккөз: sportplustv.kz

Басқа спорттық жаңалықтар