Теннис
Александр Шевченко Дохадағы турнирден шығып қалды
Global Look Press
Қазақстандық Александр Шевченко Дохадағы АТР сериясындағы турнирде жарыс жолын аяқтады.
Қазақстандық теннисші турнирдің бірінші айналымында франциялық Ришар Гаскемен бір жарым сағат ойнап, 4:6, 4:6 есебімен ұтылды.
Айта кетейік, Гаске екінші айналымда іріктеу матчының жеңімпазы - А.Рублевпен (Ресей) ойнайды.