Теннис

Елена Рыбакина Абу-Даби турнирінің чемпионы атанды

Елена Рыбакина Абу-Даби турнирінің чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен WTA 500 - Mubadala Abu Dhabi Open турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жеңіске жетті. Финалда ол ресейлік теннисші Дарья Касаткинаны тізе бүктірді.

Матч екі сетке созылды. Алғашқы кезеңде Рыбакина қарсыласын 6:1 есебімен оңай жеңсе, екінші сетте 6:4 есебі тіркелді.

Айта кетейік, Рыбакина жартылай финалда да орыс теннисшісімен кездескен болатын. WTA рейтингінде 15-сатыда тұрған Людмила Самсонованы жерлесіміз 6:0, 4:6, 6:2 есебімен жеңді. Ал, оған дейін америкалық Даниэль Коллинз бен испан Кристина Бучадан басым түскен болатын.

Бұл – Рыбакинаның 2024 жылы жеңіп алған екінші трофейі. Қаңтар айында қазақстандық теннисші Аустралияда өткен жарыста топ жарған болатын. Артынша Australian Open-де жеңіліп қалды.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар