ММА

Рахмоновтың салмағындағы чемпионымен үш қарсылас жекпе-жекке шықпай қойды

Рахмоновтың салмағындағы чемпионымен үш қарсылас жекпе-жекке шықпай қойды
Fight Wave

UFC басшысы Дана Уайт англиялық чемпион Леон Эдвардс UFC 300 мерейтойлық турнирінде жекпе-жек өткізуге келіскенін, алайда оған қарсылас табылмағанын айтады.

Уайттың сөзінше, жартылай орта салмақта чемпионмен жұдырықтасудан үш қарсылас бас тартқан.

"Леон Эдвардс UFC 300 турнирінің басты жекпе-жегіне шыға алмады. Ол біздің барлық ұсынысымызға келісті. Біз бірінен соң, бірін айтып, үш қарсылас ұсындық. Ол әрдайым: "иә, иә, иә" деп қана жауап берді. Бірақ барлық үш қарсылас онымен айқасудан бас тартты. Леонға құрмет, үлкен рахмет", - дейді Дана UFC-дің баспасөз мәслихаты кезінде.

Айта кетейік, Эдвартстың әлеуетті қарсыластарының бірі жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші тұрған Шавкат Рахмонов.

Басқа спорттық жаңалықтар