ММА

Рахмоновтың Америкада дайындығына қанша жұмсалатыны айтылды

Рахмоновтың Америкада дайындығына қанша жұмсалатыны айтылды
shavkatrakhmonov94/Instagram

Қазақстандық Naizа промоушенінің президенті Нұрбек Қарабала UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (18-0) АҚШ-та жекпе-жекке дайындалу үшін орташа қанша жұмсайтынын айтты.

- Дайындық процесіне қанша қаржы жұмсалатынын ешкім көрмейді, Америкаға аттану үшін, онда жатуы, дайындығы. Мен өз көзіммен көргенмін.

- Қандай ақша туралы айтып отырмыз?

- Он күнде шамамен 15 мың доллар кетеді. Ал бір айға сонда 35-40 мың доллар. Бұл ұшып баруын қоспағанда.

- Қазіргі кезде [Магомед] Кабардиев айына бес мың жұмсайтынын білемін.

- Бұл енді оның үйренген темпімен. Ал енді сен формаға, ішіп-жемің мен тұратын жерің бар. Шавкат капсула сияқты бөлмеде өмір сүрмейді ғой енді. Ол айтарлықтай жақсы үй немесе қонақүйде болады, - дейді Нұрбек Қарабала Naiza TV подкастында.

Басқа спорттық жаңалықтар