Кәсіби бокс

Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі жайлы құлақтандырды

Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі жайлы құлақтандырды
instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі жайлы құлақтандырды.

Лукастың келесі кездесуі 29 ақпан Бангкокте (Таиланд) өтеді.

"Менің қарсыласым Таиланд өкілі Кадесара Джадпакди, оның кәсіби рекорды 7-3, 4 КО. Алда сегіз раундты маңызды рейтингтік жекпе-жек. Тек жеңіске ынталымын. Бұл менің карьерамдағы ең маңызды айқас, өйткені рейтингтік кездесулерден кейін мен әлем чемпионы титулдары үшін айқасамын. Сондықтан менің міндетім ауыр сын мен мықты қарсыластарға дайын болу! Әлемнің аболсют чемпионы атану үшін", - деп жазыпты Ангелина Instagram желісінде.

Басқа спорттық жаңалықтар