Теннис

Елена Рыбакина Әбу-Дабиде жартылай финалға өтті

Елена Рыбакина Әбу-Дабиде жартылай финалға өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған испаниялық Кристина Бучамен жолығысты.

Биыл Рыбакина Бучаны Аделаиде (Аустралия) додасында 6:3, 7:5 есебімен жеңген еді.

Бұл жолы Елена матчты өте қарқынды бастады — 6:1. Екінші сетте керісінше испаниялық спортшы брейк жасап, алға шықты — 3:1. Дегенмен Рыбакина сол бойда таразы басын теңестіріп қана қоймай, кездесуді жеңіспен тәмамдады — 6:4.

1 сағат 2 минутқа созылған матчта Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Буча 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 15-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен таласады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар