Таэквондо

Қазақстан Түркиядағы таеквонододан халықаралық турнирде 3 жүлде жеңіп алды

Қазақстан Түркиядағы таеквонододан халықаралық турнирде 3 жүлде жеңіп алды
Turkish Open

Түркияның Анталья қаласында таеквондодан G1 санатына кіретін Turkish Open халықаралық жарысы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы ересектер арасында 3 медаль жеңіп алды. Алғашқы жарыс күні Жансель Дениз (73 кг) финалда қарсыласқа жол берген. Кейіннен Самирхон Абабакиров (73 кг) те күміс жүлдегер атанса, Руслан Жапаров (+87 кг) үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетейік, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы бәсекені қоса алғанда турнирге 60 мемлекеттен 1900-ге жуық татами шебері жиналды.

Басқа спорттық жаңалықтар