Таэквондо

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті ауысты

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті ауысты
Olympic.kz.

6 қыркүйек күні Астанада Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы мүшелерінің кезектен тыс жиналысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қарастырылып, Федерацияның жаңа президенті сайланды, деп жазады Olympic.kz.

Жиынға қатысқан 20 облыстық федерация мен спорттық ұйымдардың өкілдерінен ұсынылған кандидатураны 14 адам қолдады. Нәтижесінде Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті ретінде Шамиев Кудрәт Игнатұлы сайланды.

«Жеке мақсаттарымның жетегінде емес, ел мүддесі үшін осы қызметке келіп отырмын. Алда Лос Анджелес Олимпиадасы бар, бірақ біздің жұмыс стратегиямыз бір Олимпиадалық кезеңмен шектелмей, 20 жылға бағыт-бағдарымыз айқын болуы тиіс. Әр спортшының толыққанды дайындығы үшін қажеттінің барлығын ұсынып, кез келген деңгейдегі жарысты әділ өткізу – бізге артылған аманат деп білемін. ҚР Туризм және Спорт министрлігі және Ұлттық Олимпиада Комитетімен бірге бір жұдырықтай жұмылып жұмыс істейміз», - деді Шамиев өз сөзінде.

Айта кетейік, Шамиев бұл қызметте Вячеслав Кимді алмастырған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар