Бокс

Ділдәбеков бокс федерациясы вице-президенті қызметіне тағайындалды

Ділдәбеков бокс федерациясы вице-президенті қызметіне тағайындалды
olympic.kz

Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚБФ баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, "Парасат" орденінің иегері (2000).

Айта кетейік, ақпанның басында Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, онда федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды. 

Басқа спорттық жаңалықтар