Кәсіби бокс

Өзбек боксшының қарсыласы жекпе-жек үстінде ауыр жарақат алды

Өзбек боксшының қарсыласы жекпе-жек үстінде ауыр жарақат алды
Repost.uz

АҚШ-тың Орландо қаласында жартылай орта салмақтағы өзбекстандық Шахрам Гиясов (14-0, 9 КО) пен мексикалық Пабло Сесар Кано (35-8-1, 25 КО) жекпе-жегі өтті.

Үшінші раундта Гиясов қарсыласын нокадаунға түсірді. Алайда кездесудің ортасына таман Кано басымдық таныта бастады да, айқастың аяғына таман өзбек боксшының өзін есеңгіретіп жібергендей болды, алайда төреші Гиясов сүрінді деп есептеді.

Осыдан кейін мексикалық боксшы құлап түсіп, тобығын қайырды. Жарақат салдарынан жеңісті Гиясовқа берді.

Басқа спорттық жаңалықтар