Футбол

Әйгілі Костя Цзю өмірін өзгерткен қазақты атады

Әйгілі Костя Цзю өмірін өзгерткен қазақты атады
Fightnews.info

Ресейлік атақты боксшы Костя Цзю бүкіл өмірін өзгерткен қазақты атады.

"Ата-анам соның арқасында мені боксқа берген адамның есімін атайын. Ол Серік Қонақбаев. Ол біздің қазақ боксшы, соны көріп анам менің де боксшы болғанымды қалады", - деп береді Цзюдің сөзін Tofight.ru.

54 жастағы Костя Цзю бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсетіп, кәсіпқойда WBC/WBA/IBF тұжырымы бойынша абсолют чемпион болған. Оның есімі Халықаралық бокс даңқының залына жазылды.

64 жастағы Серік Қонақбаев - Мәскеуде өткен 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатында да күміс иеленген, екі дүркін Әлем кубогінің жеңімпазы және Еуропаның екі дүркін чемпионы.

Басқа спорттық жаңалықтар