Бокс

Дулат Бекбауов Странджа кубогының чемпионы атанды

 Дулат Бекбауов Странджа кубогының чемпионы атанды

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогының финалында қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов қарсыласын ұтып, Қазақстан қоржынына алтын медаль сыйлады.

Атап айтсақ, 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда үндістандық Раджатпен жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтып чемпион атанды.

Айта кетейік, осыған дейін 51 келі салмақта Санжар Тәшкенбай аталған турнирде күміс медаль еншілесе, 80 келіге дейінгі салмақта Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда қытайлық қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқаннан ұтылып, қола медалді місе тұтқан болатын.

Жалпы Странджа кубогында Қазақстаннан 51 келіде Санжар Тәшкенбай, 54 келіде Дәулет Молдашев, 57 келіде Оразбек Асылқұлов, 60 келіде Руслан Күзеубаев, 63,5 келіде Ерасыл Таңқай, 67 келіде Дулат Бекбауов, 71 келіде Талғат Шайкен, 75 келіде Нұрқанат Райыс, 80 келіде Тұрсынбай Құлахмет, 86 келіде Абзал Құттыбеков қатысқан болатын. Осылайша 10 боксшымыздың үшеуі 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Ал 2023 жылы өткен жарыста Оразбек Асылқұлов (57 келі) – күміс және Нұрқанат Райыс (75 келі) – қола жүлдегер атанған болатын.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар