Футбол

«Елімай» Шомконы сапына қосқанын ресми хабарлады

«Елімай» Шомконы сапына қосқанын ресми хабарлады
"Ақтөбе" ФК

Семейлік «Елімай» футбол клубы қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомконы сапына қосқанын ресми хабарлады. 

33-жасар қорғаушы Екібастұз футболының түлегі. Ол мансабын туған қаласының «Батыр» және «Екібастұз» клубтарында бастады. Сондай-ақ, «Ертіс», «Астана», волгоградтық «Ротор» және «Ақтөбе» клубтарында өнер көрсетті. Ойыншы еурокубоктерде 68 ойында 8 гол және 8 нәтижелі пас берді. Дмитрий Қазақстанның 6-дүркін чемпионы, Қазақстан Кубогінің иегері және 5-дүркін Суперкубок жеңімпазы. Тәжірибелі қорғаушы ұлттық құрама сапында 48 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанды", - делінген клуб хабарламасында. 

Басқа спорттық жаңалықтар