Кәсіби бокс

Альварестің дивизионындағы жекпе-жек нокаутпен аяқталды

Альварестің дивизионындағы жекпе-жек нокаутпен аяқталды
XSPORT.ua

АҚШ-тың Орландо қаласында өткен бокс кешінің басты айқасында америкалық Эдгар Берланга мен ирландиялық Пэдрэйг Маккрори жұдырықтасты.

Екінші орта салмақта өткен жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, алайда алтыншысында Берланга қарсыласын ауыр соққымен нокаутқа түсірді. Маккрори төрт тағандап тұра алмай жатқанында оның командасы рингке ақ орамал лақтырды.

Осылайша, 18 жеңіске жеткен Пэдрэйг карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Ал Берланга осымен он жетінші қарсыласын сұлатты, ал жалпы ол 22 жекпе-жегінің ешбірінде жеңілмеген.

Басқа спорттық жаңалықтар