Теннис

Михаил Кукушкин Бахрейндегі жарыстың жартылай финалына жолдама алды

 Михаил Кукушкин Бахрейндегі жарыстың жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 231-ракеткасы Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер жарысының жартылай финалына шықты.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 187-ракеткасы, иорданиялық Абедалла Шелбайхпен шеберлік байқасты. Екі сетте де 6:4, 6:4 есебі тіркеліп, Кукушкин жеңіске жетті.

1 сағат 36 минутқа созылған бәсеке барысында ол 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Иорданиялық спортшы 8 эйс жасағанымен, 5 брейк-пойнттан ештеңе шығара алған жоқ.

Михаил Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, чехиялық Якуб Меншикпен таласады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар