Теннис

Роттердамда сенсация: Александр Шевченко әлемнің 7-ракеткасын ұтты

 Роттердамда сенсация: Александр Шевченко әлемнің 7-ракеткасын ұтты

Қазақстанның екінші, әлемнің 57-ракеткасы Александр Шевченко Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, даниялық Хольгер Руненің меселін қайырды.

Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Шевченко брейк жасай алды - 6:4. Екінші сетте Руне басымдық танытты - 6:1. Үшінші, шешуші партияда Шевченко тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді - 6:3.

Бәсеке бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды. Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, болгариялық Григор Димитровпен таласады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар