ММА

UFC Бекзат пен Нурмагомедовтың жекпе-жегі туралы ресми хабарлады

UFC Бекзат пен Нурмагомедовтың жекпе-жегі туралы ресми хабарлады
instagram.com/bekzatalmahan

UFC-дің Еуразиядағы ресми Instagram-аккаунты өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның (17-1) жекпе-жегі жайлы құлақтандыру жасады.

"Умар Нурмагомедов UFC Vegas 87 турнирінде қазақстандық дебютант Бекзат Алмаханмен кездеседі", - делінген хабарламада.

UFC Vegas 87 турнирі 3 наурызға қараған түні Лас-Вегаста өтеді.

Айта кетейік, Умар Нурмагомедов UFC-дің өте жеңіл салмақ рейтингінде 13-орында. Әзірге ол ММА-де жеңіліп көрмеген.

Басқа спорттық жаңалықтар