Бокс

Блеградтағы халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар іріктелді

Блеградтағы халықаралық турнирге қатысатын қазақстандық боксшылар іріктелді
instagram.com/tashkenbay_sanzhar

Сербияның Белград қаласында бокстан ересектер арасында өтетін "Белград жеңімпазы" атты халықаралық турнирде қазақ боксшылары да жұдырықтасады.

Жарыс 12-18 наурыз аралығында өтеді. Белградтағы жарысқа баратын құрам анықталып үлгерді. Олардың қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов та бар. 

Қазақстан командасының сапын мынадай:

48 келі: Ернұр Қайрат

51 келі: Санжар Тәшкенбай

54 келі: Дәулет Молдашев

57 келі: Оразбек Асылқұлов

60 келі: Жексен Бейбарыс

63,5 келі: Ерасыл Таңқай

67 келі: Дулат Бекбауов

71 келі: Сабыржан Аққалықов

75 келі: Диас Молжігітов

80 келі: Ерасыл Жақпеков

86 келі: Темірлан Мұқатаев

92 келі: Данияр Рахымбердиев

+92 келі: Дамир Тойбай

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жуырда ғана Болгарияда өткен дәстүрлі "Странджа" турниріне қатысып,  үш медальмен оралған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар