ММА

Жұман Жұмабеков өзге қазақ үшін бразилиялық чемпионмен ұстасып қалды

Жұман Жұмабеков өзге қазақ үшін бразилиялық чемпионмен ұстасып қалды
mma_boicy

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Жұман Жұмабеков (13-7) жаттығу кезінде бразилиялық Вандерлей Феррейрамен (16-7) ұстасып қалды.

Оқиға Алматыдағы Saq Pro Team залында болды. Бразилиялық файтер өзге қазақ спортшымен спарринг өткізіп жатқанда Арлан лақап атты Жұмабеков ара түсті.

"Біздің файтер және бразилиялық Вандерлей Феррейра арасында ерегіс болды", - дейді зал өкілдері.

Расталмаған ақпарат бойынша, жанжалдың себебі жас спортшыны тәжірибелі бразилиялықтан қорғау болды.

"Вандерлей жас спортшымен спаррингте тым қатты кетті. Спарринг төбелеске айналып кете жаздады, осы кезде Арлан кірісті", - делінген ММА-туралы жазатын Instagram-аккаунттың бірі.

Еске салайық, қаңарда өткен Alash Pride 94 турнирінде Вандерлей қазақстандық Руслан Сариевті жеңіп, ұйымның уақытша чемпионы атанды.


Басқа спорттық жаңалықтар