Кәсіби бокс

Канело келесі қарсыласын таңдап жекпе-жек күнін белгіледі

Канело келесі қарсыласын таңдап жекпе-жек күнін белгіледі
Sports.kz

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварес келесі жекпе-жегін 4 мамыр Лас-Вегаста өткізеді.

Thesportster.com мәліметінше, Канело келесі жекпе-жегінің уақытын растады, ал оның қарсыласы орта дивизионда WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло болады.

Еске салайық, Альварес 2023 жылы қыркүйекте, Джермаллдың бірінші орта салмақта өнер көрсететін егізі Джермелл Чарломен айқасып, оны анық жеңген болатын.

Айта кетейік, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы осыған дейін Джермалл Чарлоны бірнеше рет жекпе-жекке шақырған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар