Ресей Премьер-лигасы

«Спартак» шабуылшысы Квинси Промес 6 жылға бас бостандығынан айырылды

«Спартак» шабуылшысы Квинси Промес 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Амстердам соты «Спартак» шабуылшысы Квинси Проместі есірткі контрабандасымен айналысты деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айырды.

Тергеу мәліметінше, 2020 жылы нидерландтық вингерімен оның сыбайластары теңіз тұзы салынған қапшықтарға жасырылған 1370 кг кокаинді Антверпен порты арқылы тасымалдаған.

20 ақпанда аппеляциялық сот отырысы өтеді.


Дереккөз: De Telegraaf

Басқа спорттық жаңалықтар