Велоспорт

«Астана» шабандозы «Оман турының» төртінші кезеңінде жеңіс тұғырына көтерілді

«Астана» шабандозы «Оман турының» төртінші кезеңінде жеңіс тұғырына көтерілді

Бүгін жыл сайын өтетін шоссегі «Оман туры» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңі өтті.

Кезеңнің жеңімпазы Arkéa - B&B Hotels шабандозы Амори Капьё атанды. «Астананың» голландиялық велошабандозы Иде Шеллинг мәреге екінші болып келді. Үздік үштікті Team Jayco AlUla ккомандасынан Давиде Де Претто түйіндеді.

Қазақстандық велокоманданың тағы бір өкілі Антон Чармиг жалпы есепте үш сатыға көтеріліп, қазір 4-орында тұр.

Оман туры. Төртінші кезең. Форт Аль-Рустак - Йитти Хиллс (207,5 км)

1. Амори Капьё (Arkéa - B&B Hotels) - 2:17:35

2. Иде Шеллинг («Астана») +

3. Давиде Де Претто (Team Jayco AlUla) +

Жалпы есеп:

1. Финн Фишер-Блэк (UAE Team Emirates) - 12:32:48

2. Люк Ламперти (Soudal - Quick Step) +0:03

3. Диего Улисси (UAE Team Emirates) +0:09

4. Антон Чармиг («Астана») +0:14


Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар