Кәсіби бокс

Сарапшы ҰОК басшысы болған Головкин енді рингке орала ма деген сұраққа жауап берді

Сарапшы ҰОК басшысы болған Головкин енді рингке орала ма деген сұраққа жауап берді
Reuters

Мәскеуде өткен 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Ұлттық олимпиадалық комитет президентігіне тағайындалған Геннадий Головкиннің карьерасына қатысты пікір білдірді.

"Головкин рингке қайтып оралмайды дегенмен келіспеймін. Ол әлі де кез келген мықты боксшымен жақсы шоу көрсете алады. Ал тамаша үшін ғана өтетін матч туралы айтсақ, біз Тайсонды да, Джонсты да көрдік. Бәрі қаншалықты қомақты табыс көруге болатынына байланысты. Егер салмақты ұсыныс түссе, толыққанды жекпе-жек те өткізуге болады. Головкин бұл салалрды алып жүре алады деген ойдамын. Бастысы алдағы олимпиадалық циклді сәтті өткеру", - дейді Демьяненко.

Басқа спорттық жаңалықтар