Live-события
Tennis
02 Dec. 15:50
ITF 15. Antalya. Clay. Turkey
Kaya Arinc
Andrea Fiorentini
П1 17%
П2 83%
Tennis
02 Dec. 15:40
ITF 15. Antalya. Clay. Turkey
Pietro Romeo Scomparin
Denys Klok
П1 81%
П2 19%
Tennis
02 Dec. 15:40
ITF 15. Women. Antalya. Clay. Turkey
Krystyna Pochtovyk
Gina Marie Dittmann
П1 5%
П2 95%
Tennis
02 Dec. 15:20
ITF 100. Women. Dubai. Hard. UAE
Arianne Hartono
Mei Yamaguchi
П1 89%
П2 11%
Tennis
02 Dec. 16:10
ITF 100. Women. Dubai. Hard. Doubles
Alevtina Ibragimova/Ksenia Zaytseva
Emily Appleton/Prarthana G. Thombare
П1 23%
П2 77%
Tennis
02 Dec. 16:15
ITF 100. Women. Dubai. Hard. Doubles
Mananchaya Sawangkaew/Xinyu Gao
Iva Primorac Pavicic/Ipek Oz
П1 67%
П2 33%
Tennis
02 Dec. 14:55
ITF 15. Monastir. Hard. Tunisia
Cian Maguire
Louis Allen
П1 67%
П2 33%
Tennis
02 Dec. 15:25
ITF 15. Monastir. Hard. Tunisia
Louis Herman
Rahul Dhokia
П1 78%
П2 22%
Tennis
02 Dec. 15:50
ITF 15. Monastir. Hard. Tunisia
Oscar Brown
Ruben Hartig
П1 30%
П2 70%
Tennis
02 Dec. 16:00
ITF 15. Sharm el Sheikh. Hard. Doubles
Jan Hrazdil/Ivan Gretskiy
Philip Henning/Gerard Henning
П1 37%
П2 63%
Tennis
02 Dec. 15:40
ITF 15. Sharm el Sheikh. Hard. Doubles
Melios Efstathiou/Eleftherios Neos
Yassin AhmedWageh/Seifelden Mostafa Samih
П1 94%
П2 6%
Tennis
02 Dec. 16:00
ITF 35. Women. Sharm el Sheikh. Hard. Doubles
Jana Denisenko/Victoria Kapcia
Katy Dunne/Viktoria Morvayova
П1 5%
П2 95%
Tennis
02 Dec. 15:30
ITF 35. Women. Monastir. Hard. Tunisia
Alicia Dudeney
Jennifer Ruggeri
П1 67%
П2 33%
Tennis
02 Dec. 16:20
ITF 35. Women. Monastir. Hard. Tunisia
Alina Granwehr
Ranah Akua Stoiber
П1 74%
П2 26%
Tennis
02 Dec. 15:25
ITF 50. Women. Selva Gardena. Hard. Italy
Cristina Diaz Adrover
Matilde Jorge
П1 15%
П2 85%
Basketball
02 Dec. 16:00
Women. Russia. Superleague
MBA-MGUSiT 2(W)
Vologda-Chevokata(W)
П1 61%
П2 39%
Basketball
02 Dec. 16:30
Women. China WCBA
Beijing(W)
Xinjiang(W)
П1 66%
П2 34%
Basketball
02 Dec. 16:20
China. CDBL
Xi՝an Legends
Wuhan Lightnings
П1 55%
П2 45%
Volleyball
02 Dec. 16:00
Women. Turkey. 1st League
Denizli B.Sehir Bld(W)
Istanbul BBSK(W)
П1 60%
П2 40%
Volleyball
02 Dec. 15:00
Women. Turkey. 1st League
Diyarbakir B.Sehir Bld.(W)
Manavgat Belediye Spor(W)
П1 11%
П2 89%
Volleyball
02 Dec. 15:00
Women. Turkey. 1st League
TED Kolejililer(W)
Sakarya Voleybol(W)
П1 33%
П2 67%
Volleyball
02 Dec. 16:00
Women. Turkey. 1st League
Yesilyurt(W)
Havran Fatih Bld(W)
П1 76%
П2 24%
Volleyball
02 Dec. 16:00
Turkey. Efeler League
Gebze Bld
TFL Altekma
П1 27%
П2 73%
Volleyball
02 Dec. 15:00
Turkey. Efeler League
Ziraat Bankasi
Galatasaray
П1 72%
П2 28%
Volleyball
02 Dec. 15:00
South Korea. V-League
KB Stars
KEPKO
П1 9%
П2 91%
Volleyball
02 Dec. 15:35
Women. Philippines. MPVA
Quezon Tangerines(W)
Binan Tatak Gel(W)
П1 85%
П2 15%
Darts
02 Dec. 16:20
World. ADC Global Championship
John O`Shea
Stijn Deklerck
П1 72%
П2 28%
Table Tennis
02 Dec. 16:15
World. Women. WTT Feeder
Choi Haeeun
Izabela Lupulesku
П1 89%
П2 11%
Table Tennis
02 Dec. 16:15
World. Women. WTT Feeder
Lee Seungeun
Sofia Xuan Zhang
П1 91%
П2 9%
Table Tennis
02 Dec. 16:20
World. TT Cup
Litomisky Petr
Framberk Jan
П1 86%
П2 14%
Table Tennis
02 Dec. 16:30
World. TT Cup
Lysakowski Michal
Sulkowski Bartosz
П1 46%
П2 54%
Table Tennis
02 Dec. 16:30
World. Men. Rocket Masters Cup. SP
Manukyan Garnik
Sahakyan Arman
П1 71%
П2 29%
Table Tennis
02 Dec. 16:25
Poland. TT Elite Series
Felkel Grzegorz
Kosowski Jakub
П1 50%
П2 50%
Table Tennis
02 Dec. 16:20
Poland. TT Elite Series
Strowski Karol
Sklensky Miroslav
П1 79%
П2 21%
Table Tennis
02 Dec. 16:15
Russia. Liga Pro
Khurgin Vladimir
Sergeevich Igor
П1 46%
П2 54%
Table Tennis
02 Dec. 16:20
Russia. Liga Pro
Chechulin Maksim
Konstantinov Dmitry
П1 78%
П2 22%
Table Tennis
02 Dec. 16:30
Russia. Liga Pro
Atiunin Mikhail
Minchenkov Igor
П1 46%
П2 54%
Table Tennis
02 Dec. 16:25
Russia. Masters. League B
Chernov Aleksandr
Pavlov Evgeny
П1 39%
П2 61%
Table Tennis
02 Dec. 16:25
Russia. Masters. League B
Yakuba Vladimir
Lyashenko Alexander
П1 70%
П2 30%
Table Tennis
02 Dec. 16:05
Russia. Masters. League C
Gorelov Valeriy
Volin Dmitry
П1 23%
П2 77%
Table Tennis
02 Dec. 16:30
Ukraine. Setka Cup
Maliuk Serhii
Lyman Oleksandr
П1 43%
П2 57%
Table Tennis
02 Dec. 16:05
Ukraine. Setka Cup
Ostryi Ilia
Gazhula Oleksii
П1 86%
П2 14%
Table Tennis
02 Dec. 16:20
Ukraine. Setka Cup
Ishchuk Vadym
Nazarov Anatolii
П1 37%
П2 63%
Table Tennis
02 Dec. 16:30
Ukraine. Setka Cup
Ponomarenko Oleh
Miklukha Oleh
П1 62%
П2 38%
League of Legends
02 Dec. 16:20
European Circuit
Blades
Hydra Esports
П1 38%
П2 62%
League of Legends
02 Dec. 16:15
Shi Guang Cup
Team gg
GJ
П1 83%
П2 17%
VALORANT
02 Dec. 15:35
SOOP League
T1
ZETA DIVISION
П1 92%
П2 8%
Counter-Strike 2
02 Dec. 16:00
Eternity League
Reboot Gaming
Rifty Esports
П1 60%
П2 40%
Counter-Strike 2
02 Dec. 14:00
CCT : Europe
500
Sangal Esports
П1 57%
П2 43%
Counter-Strike 2
02 Dec. 16:00
Myskill Pro League
Oxuji
MASONIC
П1 37%
П2 63%
Counter-Strike 2
02 Dec. 16:00
Rush Zone
Shots Fired
Unstoppable
П1 20%
П2 80%
Таэквондо

Қазақстандық бапкер Тунис құрамасымен Олимпиадаға төрт лицензия ұтып алды

 Қазақстандық бапкер Тунис құрамасымен Олимпиадаға төрт лицензия ұтып алды

Таэквондодан Тунис құрамасының бапкері Есбол Сұлтановтың шәкірттері Париж олимпиадасына төрт жолдама алды. Еl.kz сайтының алған сұхбаты бойынша, аталған спорт түрі бойынша әзірге Қазақстан құрамасы бірде-бір лицензия иеленбеген.

– Қазір таеквондодан Тунис құрамасын жаттықтырып жүр екенсіз. Қанша уақыт болды? Құрама спортшылары сізді қалай қабылдады?

– Тунис таеквондо федерациясының шақыруымен 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы елдің ұлттық құрама командасының тізгінін қолға алдым. Жалпы, құрама спортшыларымен жақсы таныспыз. 2020 жылы Токио Олимпиадасы алдында Тунис құрамасы негізгі жаттығу жиынын Алматыда өткізген болатын. Сол дайындығымыз сапалы өтіп, олар Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды. Сол уақыттан бері жақсы қарым-қатынаста болдық. Көптеген халықаралық жарыста, оқу-жаттығу жиындарында кездесіп жүрдік. Сондықтан болар, спортшылармен тіл табысу аса қиындық туғызбады.

Тек Тунистің спорт сүйер қауымы басында сынмен қабылдады. Оларды да түсінуге болады. Қазақстан таеквондосы әлемге аса танымал емес. Тунистің кей азаматтары Қазақстан туралы мүлде білмейді де екен. Сондықтан күмәны орынды беді. Бірақ Алланың қалауымен бір жарым ай өтпей әлемдік Гран-Приде Тунис екі алтын алып, жалпы есепте командалық бірінші орынды жеңіп алдық. Тағы бір айдан кейін Африка чемпионатында да үздік нәтиже көрсеттік. Жыл аяқталар алдында Гранд Слэм турнирінің күміс медалін жеңіп алдық.

Жұмыс жүріп жатыр. Қазір Қазақстанға құрметпен қарайды. Елдің тарихы мен географиясын оқып, біраз қызығып жүргендер бар. Елді жерге қаратпауға тырысамыз.

– Жақын жер емес, құрлық асу туралы шешімді қабылдау қаншалықты қиын болды?

– Иә, жақын жер емес. Дегенмен өзімді сынап көргім келді. Шақыруды қабыл алып, кезінде Солтүстік Африка, Шам елдеріне әйгілі болған Сұлтан Бейбарыс бабамыздың ізі қалған жерге біз де ат басын тіредік.

– Отбасыңыз бұл шешіміңізді қалай қабылдады?

– Жақын адамдарыңның қолдауы өте маңызды. Бұл тұрғыда отбасым шешімімді қабыл алып, қолдап, жетістіктеріме қуанып отыр. Сағынамын. Жақын жер емес. Аздаған мүмкіндік болса, мейлі, елде болсын, шет елде болсын, міндетті түрде кездесіп тұрамыз.

– Келісімшарт мерзімі қанша уақытқа жасалды?

– Келісімшарт мерзімі Париж Олимпиада ойындарына дейін жасалды.

– Қалай дегенмен ауа райы бөлек. Бейімделу жағы қалай болды?

– Ауа райы қолайлы. Жерорта теңізінің жағасында орналасқан субтропикалық ел. Климаты Таяу Шығыстағыдай құрғақ емес. Бірақ жазы бізден ыстық екені анық. Халқы қонақжай. Тағамдары да алуан түрлі екен. Сондықтан бейімделу жағынан қиындық туындаған жоқ.

– Құрама спортшыларымен, басшылықпен қай тілде сөйлесесіздер? Өзіңіз шет тілдерін білуші ме едіңіз?

– Тунис халқы негізінен екі тілде сөйлейді. Араб және француз тілдерінде. Мен ағылшын тілінде сөйлеймін. Арабша бастауыш курстарын аяқтадым. Спортшылар оқу орындарында ағылшын тілін оқығандықтан, мені қиындықсыз түсінеді.

– Сіздің қарамағыңызда жақында тунистік таеквондошылар Олимпиада ойындарына төрт жолдама алғанын естідік. Құтты болсын! О баста жоспар қандай еді?

– Ақпан айының 10-11-і аралығында Сенегал астанасы Даккар қаласында Олимпиадаға Африканың құрлықтық іріктеу турнирі өткізілді. Менің командам іріктеу нәтижесі бойынша төрт лицензия ұтып алып, Африка және жалпы араб елдері арасында көш бастап тұр. Мұндай нәтиже, яғни мүмкін болған төрт лицензияны түгел жеңіп алу Тунис таеквондо тарихында алғаш рет болып отыр. Әзірге Тунис олимпиадалық спорт түрлерінен жалпы он төрт лицензияны иеленді. Соның ішінде таеквондошылар ең көп лицензиямен көш бастап тұр. Аллаға шүкір.

– Ал федерация басшылығы сіздің алдыңызға қандай мақсат пен талап қойып отыр?

– Келісімшарт бойынша үш лицензия алу міндеттемесін алған болатынмын. Әрине, Олимпиада медалін жеңу де жүктелген.

– Тунистің таеквондодағы әлеуетін қалай бағалайсыз? Бұған дейін қалай болып еді? Шығыс жекпе-жегіне қаншалықты көңіл бөлінеді?

– Тунис елінде таеквондо спорты даму жағынан футболдан кейін екінші орында тұр. Олимпиада жүлдегерлері, әлем чемпионатының бірнеше жүлдегері бар. Сондықтан Спорт министрлігі мен Олимпиада комитеті таеквондо спортына басымдық береді.

– Жаттығу процесі қалай, қай жерде өтеді? Неге басымдық бересіз?

– Жаттығу процесін жергілікті Спорт комитетінің арнайы базасында өткіземіз. Қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Спортшыны жоғары деңгейде дайындауға жан-жақты қарағанды дұрыс көремін. Ол үшін мұнда жақсы мүмкіндіктер бар. Физикалық дайындық бойынша бапкеріміз бар, әр спортшы үшін жеке психолог қарастырылған. Диетолог, физиотерапевттер, сарапшылар, техникалық көмекшілер және де медициналық ғылыми-зерттеу ұжымы әрқашан көмек қолын созуға дайын. Орасан жұмыс атқарылып жатыр.

– Сіздің ұлттық құрамада талай жыл жұмыс істегеніңізді білеміз. Төл шәкірттеріңіз құрамада жүр. Қазақстандық таеквондошылардың Парижге жолдама алу мүмкіндігіне қатысты пікіріңізді біле кетсек.

– Біздің Қазақстанда жақсы спортшылар да, бапкерлер де жеткілікті деңгейде. Соңғы жылдары жақсы қарқынмен дамып келеді. Менің болжамымша, Париж Олимпиадасына үш лицензия жеңіп алуға толық мүмкіндік бар. Біріншіден, спортшыларымыз өте тәжірибелі, екіншіден, Азия құрлығының көшбасшы спортшылары әлемдік рейтингтік жүйе бойынша лицензияларын алып үлгерген. Сондықтан құрлықтық іріктеуде осы мүмкіндікті Қазақстан құрамасы оңтайлы пайдаланып, жақсы нәтиже көрсетеді деп сенемін.

– Қазақстан мен Тунистен таеквондо спортын дамытуда қандай айырмашылық байқадыңыз?

– Қазақстан мен Тунис таеквондосын салыстырар болсақ, айырмашылықтар көп. Біздің елдің басымдығы, әрине, қаржылай мүмкіндігі. Тунис таеквондосынан он есе артық шығар. Техникалық-материалдық жағдайы да әлдеқайда жоғары. Ал Тунисте жұмыс жүйесі дұрыс жолға қойылған. Ол тек таеквондода емес. Спорт министрлігінің жұмыс істеу жүйесі өте ұнады. Тунис елі көп жыл француздардың қол астында болғандықтан, еуропалық жүйе қалыптасып қалған. Мамандардың көбі Еуропа елдерінде білім алады.

– Өзіңіз таеквондоға қалай келіп едіңіз?

– Жас кезімде каратемен, кикбоксингпен айналысып бастағанмын. Елге Мұстафа Өзтүрік ұстазымыз таеквондо спортын алып келгенде, осы спортқа көңіл бөлдім. Көп жыл ұлттық құрама мүшесі болдым. Азия чемпионаттары мен Азия ойындарында топ жарып жүрдім. Спортты аяқтаған соң жаттықтырушы қызметіне ден қойдым. Ең алғашқы жұмыс орным – Шаңырақ спорт мектеп-интернаты. Қазақстанға әйгілі «Барыс» клубының мүшесі болу бақыты бұйырды. «Барыс» клубының спортшылары 2012-2017 жылдары ҚР құрама командасының 55-65%-ын құрайтын. Жаттықтырушы құрамымыз өте мықты болды.

– Биылғы жылдың басты аламаны Париж олимпиадасы екені рас. Өкінішке қарай, таеквондодан олимпиада жүлдесін күткенімізге де 16 жылдай болды. Бұл мақсатқа Қазақстан қашан қол жеткізуі мүмкін?

– Өкінішке қарай, үш Олимпиадада жүлдесіз қалдық. Себеп көп… Негізгісі – ауызбіршіліктің жоқтығы. Бірақ бір қуантатын жағдай – жас кадеттеріміздің мықты нәтиже көрсетіп келе жатқандығы. Ойлап қараңызшы, соңғы әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы екі алтын, екі күміс және қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық бірінші орынға қол жеткізді. Ал құраманың бас бапкері Мырзағали Сұранов 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік жаттықтырушысы атанды. Сол балаларымыздың жастары қазір он төртте. Төрт жылдан соң он сегізге келеді. Мінекей, мықты резерв дайын тұр. Тек осы жас буынды дұрыс, жүйелі жұмыс арқылы ересектер құрамасына жеткізу керек.

Париж Олимпиадасынан да үміт бар. Жаттықтырушыларымыз бен спортшыларымыз ел сенімін ақтайды деп сенемін.

Басқа спорттық жаңалықтар