Бүгін қазақстандық еркін күрес шеберлері Олимпиададағы жарысын бастайды

Бүгін, 8 тамызда Олимпиада ойындарында еркін күрес шеберлері жарысты бастайды. Кеше жеребе тартылып, қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Париж Олимпиадасында еркін күрестен Қазақстан намысын төрт балуан қорғайды. Ал бүгін бозкілемге екі балуан шығады.
86 келі. 1/8 финал. Азамат Дәулетбеков — Аорон Брукс (23 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионы) 86 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда АҚШ-тың ішкі іріктеуінде Токио Олимпиадасының чемпионы Давид Тейлордан айласын асырған Аорон Брукспен шеберлік байқасады.
57 келі. 1/8 финал. Мейрамбек Қартбай — Бекзат Алмаз уулу (Қырғызстан).
Ал 57 келіде Ресей спортшыларының жарыстан бас тартуына байланысты маусым айында ғана жолдамаға иелік еткен Мейрамбек Қартбай Қырғызстан өкілімен шығады.