Футбол

Қазақстан чемпионы сербиялық Златанды сапына қосты

Қазақстан чемпионы сербиялық Златанды сапына қосты
"Партизан" ФК

"Партизан" командасының қорғаушысы Златан Шехович мансабын Шымкенттің "Ордабасы" командасы сапында жалғастырады. Transfermsrkt ақпараты бойынша футболшы маусым соңына дейін жалға келген. 

Златан "Партизан" футбол клубының түлегі. Сондай-ақ "Телеоптик" және "Маккаби" (Нетания) командаларында ойнаған. Израильдік клуб сапында үш маусым доп тепкен.  

Сербия жастар құрамасында 11 ойын өткізген. Орталық қорғаныста ойнайтын оның трансферлік құны 400 мың еуроны құрайды. 

Айта кетейік, "Ордабасы" өткен маусымда ел чемпионы атанған болатын. 

Басқа спорттық жаңалықтар