Теннис

Қазақстандық Кукушкин әлемдік рейтингте бірден 16-саты жоғарлады

Қазақстандық Кукушкин әлемдік рейтингте бірден 16-саты жоғарлады
ҚТФ

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингін жаңартты.

Жаңа тізімде сербиялық Новак Джокович бірінші орында қалды, одан кейін испаниялық Карлос Алькарас пен ресейлік Даниил Медведев тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз орынн сақтап қалды - 23-саты. Ал Александр Шевченко 56-дан 57-ге, Денис Евсеев 177-ден 178-ге бір саты төмен сырғыды. Бейбіт Жұқаев екі саты жоғарылап 189-орынға жайғасты.

Ао өткен аптада Ноттингемдегі "Челленджер" сериясындағы турнирдің жартылай финалына дейін жеткен Михаил Кукушкин бірден 16 саты жоғарылап, 231-орынға орналасты.

Жұптық сында алғашқы үштікте өзгеріс болмады. Қазақстандық Александр Недовесов 48-ден бір саты төмен ығысты, Андрей Голубев 63-тен үш саты төмендеді.

Басқа спорттық жаңалықтар