Конькимен жүгіру

Қазақстандық шорт-трекші әлем кубогінде жүлделі болды

Қазақстандық шорт-трекші әлем кубогінде жүлделі болды
olympic.kz

Дрезденде (Германия) шорт-тректен әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықтықтың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді.

Алтын және күміс медальды сәйкесінше Оңтүстік Корея спортшылары Пак Дживон мен Чан Сунву иеленді.

Айта кетсек, 500 метр қашықтыққа жүгіруден мәреге бірінші болып келген Денис Никиша қолымен қарсыласына кедергі келтіргені үшін пенальтимен жазаланып, жүлдесіз қалды. Спортшымыз жарысты 5-ші орында аяқтады.

Басқа спорттық жаңалықтар