Ауыр атлетика
Қазақстан Ташкенттегі АЧ-де тағы бір күміс жеңіп алды
Olympic.kz
Қазақстан Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды.
81 келіде өнер көрсететін Александр Уваров жалпы алғанда 343 келі (153 жұлқу + 190 серпе көтеру) көтерді. Бұл салмақта Солтүстік Корея спортшысы Ри Чонг Сонг чемпионы болды - 369 (169+200), ал қола жүлде түркменстандық Гайгысыз Тораевта - 337 (148+189).
Бұған дейін өзге қазақстандық Сайрамкез Ақмолда 67 келіде күміс жеңіп алған болатын.