Дзюдо

Ташкентте Grand Slam турниріне қатысатын ерлер құрамы іріктелді

Ташкентте Grand Slam турниріне қатысатын ерлер құрамы іріктелді
ҚДФ

1-3 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді. Аталған сынға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. 

Ақпан айының басындағы Grand Slam жарысы Парижде өтті. Бұл жарысқа да Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысты. Құрама сапында 100 килоға дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан ғана жүлделі орынға ілігіп, қола медальға қол жеткізді.  

Grand Slam жарыстарында рейтингтік ұпайлар беріледі. Бұл дзюдошылардың Олимпиадаға баруына жол ашады. 

Ерлер командасы: 

60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев

66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев

73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев

90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков

100 келі: Бекзат Шағатаев, Нұрлыхан Шархан

+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай. 

Басқа спорттық жаңалықтар