ММА

Конор Хабибті қарымта жекпе-жекке шақырды

Конор Хабибті қарымта жекпе-жекке шақырды
twitter.com/TheNotoriousMMA

UFC ұйымының екі салмақта чемпионы болған ирландиялық Конор Макгрегор карьерасын жеңілмеген чемпион ретінде аяқтаған Хабиб Нурмагомедовпен қарымта өткізгісі келеді. 


«Хабибті таңдар едім. Ол аралас жекпе-жектегі ең қорқақ адам», – деп жазыпты Конор әлеуметтік желідегі жанкүйердің "кіммен айқасар едің?" деген сұрағына. 


Еске салайық, Конор Макгрегор мен Хабиб Нурмагомедов 2018 жылы қазанда өткен UFC 229 турнирінде жұдырықтасты. Ол кезде Хабиб ирландиялықты төртінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар