Теннис
Жұптық сын. Недовесов Бельгиядағы турнирдің жарытлай финалына жетті
ҚТФ
Әлемнің 57-ракеткасы қазақстандық Александр Недовесов Антверпендегі (Бельгия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына өтті.
Қазақстандық теннисші америкалық Роберт Галловеймен бірге ширек финалда жарыстың 4-ракеткалары, хорватиялық Иван Додиг - чехиялық Адам Павлашекпен ойнады. Бірінші партияда хорватиялық-чехиялық дуэт басым болды - 6:3. Дегенмен бұдан кейін Недовесов - Галловей камбэк жасай білді - 6:3, 10:5.
Бір сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Додиг - Павлашек 2 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Енді Недовесов - Галловейдің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.