Теннис

Жібек Құламбаева Доминканадағы турнирді сәтті бастады

Жібек Құламбаева Доминканадағы турнирді сәтті бастады
KTF

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Пунта-Кана Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF сериясы турнирінде алғашқы жұптық кездесуін өткізді.

Үндістандық теннисші Сахаджа Ямалапаллимен бірге Қазақстан спортшысы америкалық спортшылар Колли Аллен – Хиба Шайх дуэтімен ойнап, екі сетте жалпы 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Доминикандық турнирдің кездесуі 1/8 финалдық кезеңде өтіп, бір сағат 27 минутқа созылды.

Айта кетейік, 24 жастағы қазақстандық теннисші қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жұптық сайыста 151-ші орында тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар