Дзюдо

Нұрқанат Серікбаев әскерилер арасында әлем чемпионы атанды

Нұрқанат Серікбаев әскерилер арасында әлем чемпионы атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев әскерилер арасында әлем чемпионы атанды.

Дзюдодан әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар бірнеше жүлде жеңіп алды. 29 мемлекеттен 214 спортшы қатысып жатқан жарыстың алғашқы күнінде жерлестеріміз 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жеңіп алды.

Қазақстандық финал: 60 келіде Нұрқанат Серікбаев финалдық белдесуде өзге отандасымыз Шерзод Давлатовты қосымша уақытта жеңіп кетті. Шерзод Давлатов күміс жүлдені қоржынға салды.

66 келіде Жанарыс Рахметқали Солтүстік Корея өкілі Ри Кум Сонгтан айласын асырды.

Ал, 73 келіде Бақытжан Абдурахманов Армения спортшысы Артак Торосяннан басым түсті.

Басқа спорттық жаңалықтар