Спорт

Астанада Қазақстан ҰОК және ISSA өкілдері кездесті

Астанада Қазақстан ҰОК және ISSA өкілдері кездесті
ҚР ҰОК

Астанада Қазақстан ҰОК және ISSA (Islamic Solidarity Sports Association – Ислам ынтымақтастығы спорттық қауымдастығы) өкілдері кездесті, деп хабарлайды Olympic.kz.

ISSA делегациясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы келген.

ҚР ҰОК штаб-пәтерінде өткен кездесуге ISSA Бас хатшысы Насер Маджали мырза мен Қазақстан ҰОК тарапынан ҰОК Президентінің Кеңесшісі Әлімжан Ақаев қатысты.

Басқосуда талқыланған негізгі тақырыптардың бірі - 2025 жылдың қарашасында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы Ойындарын ұйымдастыру.


Қазіргі таңда ойын бағдарламасы жасақталып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша жарыс спорттың 20 түрінен өтеді. Сондай-ақ, кездесу барысында ISSF қызметінің жаңа стратегиясы талқыланды.

Мұндағы басымдық спорттық бағдарламадан басқа исламдық ойындар мәдениеті мен білім беруді дамытуға және барлық қатысушылар арасында жаңа байланыс құруға берілген.

Басқа спорттық жаңалықтар