Грек-рим күресі
Албаниядағы әлем чемпионатына баратын балуандар белгілі
instagram.com/kazakhstan__wrestling
28-31 қазан аралығында Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен Олимпиадаға енбейтін салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты өтеді.
Тиранадағы жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Еркін, грек-рим және әйелдер күресі бойынша құрамаға енген балуандар анықталды.
Еркін күрес - 61 келі: Асыл Айтақын
- 70 келі: Нұрғожа Қайпанов
- 79 келі: Дәулет Ергеш
- 92 келі: Нұрдәулет Бекенов.
Әйелдер күресі - 55 келі: Зульфия Яхьярова
- 59 келі: Диана Каюмова
- 65 келі: Ирина Казюлина
- 72 келі: Жәмила Бақбергенова.
Грек-рим күресі - 55 келі: Исхар Құрбаев
- 63 келі: Ержет Жарылқасын
- 72 келі: Мейіржан Шермаханбет
- 82 келі: Евгений Поливадов.