Хоккей

Ресейлік команда хоккейден Қазақстан чемпионын сапына алды

Ресейлік команда хоккейден Қазақстан чемпионын сапына алды
vk.com/hcarlankokshetau

Беларуссиялық шабуылшысы Евгений Оксентюк ресейлік "Тамбов" командасының сапына қосылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен тұрақты маусымда 23 жастағы шабуылшы «Арлан» (Көкшетау) сапында өнер көрсетті. 38 матчта 37 (17+20) ұпай жинады, пайдалылық көрсеткіші «+20» болды. Плей-офф кезеңінде ол 14 матчта 14 (6+8) ұпай алды, пайдалылық көрсеткіші «+5».

Хоккейші команданың Қазақстан чемпионы атануына көмектескен болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар