Путинцева Қытайдағы турнирдің ширек финалына жетті
Әлемдік рейтингте 32-орындағы қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нинбодағы (Қытай) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 121-орында тұрған 19 жастағы германиялық Элла Зайдельмен матч өткізді. Бұл матчтегі бірінші партияда Юлия 5:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Зайдель есепті қысқартқанымен, Путинцева дегеніне жетті – 6:4. Екінші сетте де осындай есеп тіркелді – 6:4.
Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Зайдель 1 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.
Енді Путинцева жартылай финалға өту үшін әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткина мен рейтингіде 42-орындағы чехиялық Катержина Синякова матчінің жеңімпазымен ойнайды.