Хоккей

Белоруссиялық хоккейші Қазақстан чемпионатында өнер көрсетпек

Белоруссиялық хоккейші Қазақстан чемпионатында өнер көрсетпек
belarushockey.com

23 жастағы Белорусь қорғаушысы Артем Волченков тараптардың келісімі бойынша мәскеулік «Динамо» сапынан кетті, деп хабарлайды Belarushockey.com.

Енді ол карьерасын Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Хумо» (Ташкент, Өзбекстан) сапында жалғастыруы мүмкін.

Айта кетейік, Волченков осы маусымда айдынға әлі шықпады. Өткен маусымда қорғаушы ЖХЛ-дің 39 матчында 12 (2+10) ұпай жинады.

Волченковтың «Динамомен» екіжақты келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар