Хоккей
Қазақстандық хоккейші ересейлік клубпен келісімшартты бұзды
"Барыс" ХК
«Тамбов» ХК қазақстандық хоккейші Эдуард Шетлемен келісімшартты бұзғаны туралы ресми хабарлады, деп жазады Shaiba.kz.
Хоккейші ЖХЛ клубына осы маусым аралық кезеңде қосылған болатын.
Өткен маусымда 21 жастағы қазақстандық хоккейші «Номад» сапында Қазақстан тұрақты чемпионатында 49 кездесу өткізіп, 23 (6+17) ұпай жинаған. Плей-оффтың 14 матчында ойыншы 5 (1+4) ұпай жинады.