Теннис
Германиялық теннисші Almaty Open турнирінде өзгеше жетістікке жеткен
ҚТФ
Әлемдік рейтингте 458-сатыда тұрған германиялық Юстин Энгель жас ерекшелігіне қарай өзіндік рекорд орнатып отыр.
Ол Алматыдағы ATP турниріндегі матчта жеңіске жеткен 2007 жылы туған алғашқы ойыншы болды. Алматыда өтіп жатқан ATP-250 турнирінде Энгель бірінші айналымда әлемнің 133-ракеткасы гонконгтық Чак Лам Коулман Вонгты ұтты.
Екінші айналымда Юстин Энгель Алматыдағы турнирде төртінші орын алған аргентиналық теннисші Франсиско Серундоломен кездеседі.