Таэквондо

Қазақстандық таеквондошылар Париж алдында шешуші дайындықты Италияда өткізуде

Қазақстандық таеквондошылар Париж алдында шешуші дайындықты Италияда өткізуде
Спортты дамыту дирекциясы/ Шәмкен Байырбек

Таеквондодан Қазақстан командасы Италияның Ливиньо қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған жиында спортшылардың физикалық дайындығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Жаттығу жиынына Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар Батырхан Төлеуғали мен Сомирхон Абабакиров те қатысып жатыр.

Айта кетелік, бұл жиын Олимпиада қарсаңындағы шешуші дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Басқа спорттық жаңалықтар