Теннис

Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шықты

 Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Аустралия ашық чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін рейтингіде 5-сатыға түсіп қалған Рыбакина үшін бұл жарыс маңызды еді.

Доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 71-орындағы америкалық Даниэль Коллинзбен шеберлік байқасты. Олар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді.

Бұл жолы Коллинз оңай шағылатын жаңғақ еместігін көрсетіп, бірінші партияда басым түсті — 6:4. Есесіне екінші сетте Елена есе қайтарды — 6:3. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды — 6:3.

2 сағат 20 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 3 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-ройнт) шектелді.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 74-ракеткасы, Испания өкілі Кристина Буча немесе рейтингіде 156-сатыдағы британиялық Хитер Уотсонның біреуімен таласады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар