Футбол
«Атырау» сапына бразилиялық ойыншыны қосты
KazFootball.kz
«Атырау» футбол клубы бразилиялық қорғаушы Матеус Барбозаны сапына қосты.
"Келесі маусымда Матеуске «мұнайшылар» сапында жаңа белестірді бағындыруды тілейміз. Сәттілік, Матеус", - делінген клуб хабарламасында.
25 жастағы бразилиялық карьерасында отанында «Фигейренсе», «ПСТК», «Пальмейрас» және «Азуриз» клубтарында. Кейін португалияда «Мафра» мен «Лореша» және грекиялық «Эпископи», «Илиуполис» пен «Кифисия» клубтарында өнер көрсетті.
+2023/24 маусымында «Илиуполис» үшін 6 матчте 1 гол салды.